Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай арасындағы  теміржол жүк тасымалы 12% өсті




11-06-2024

Осы жылдың бес айында Қазақстан мен Қытай арасындағы темір жол көлігімен тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12% ұлғайып, 12,8 млн тоннаны құрады. Бұл ретте экспорт 17%, ЯҒНИ 8 млн тоннаға дейін өсті.
Қазақстанға темір жол арқылы 4,8 млн тонна жүк әкелінді, бұл көрсеткіш 6% артты. 

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айлары қорытындысы бойынша Алтынкөл – Қорғас станциялары арасында жүктерді тасымалдау өткен жылғы деңгейге қарағанда 7%, 5,3 млн тоннаға дейін ұлғайды. Достық станциясы арқылы ҚХР-ға және кері бағытта 7,4 млн тонна жүк берілсе, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 17% жоғары.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі