Қостанай өңірінің астығын ұйымдастырылған контейнерлік маршруттармен экспортқа жіберілуде
14-11-2024
Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша қарашаның 12 күнінде 88,3 мың тонна биылғы астық тиелді. Экспортқа 49,3 мың тонна, оның ішінде 33 мың тонна Орталық Азия елдеріне жөнелтілді. 49,1 мың тонна ұнтақ өнімдері тиелсе, оның ішінде экспортқа 38,1 мың тоннасы жөнелтілді.
ҚТЖ астықпен экспорттық маршруттарды қалыптастыруға ерекше назар аударып келеді. Қарашаның 12 күнінде жөнелтуге 7 астық маршруты тиелді. Сондай-ақ, астық пен ұнтақ өнімдерін тасымалдауға арналған 18 ұйымдастырылған контейнерлік маршрут құрылды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі