Қызылорда жолшылары қырғыз әріптестеріне тәжірибелерімен бөлісті
12-12-2024
Қызылорда жол дистанциясының жұмысшылары Түркістан – Шорнақ учаскесінде рельс тіректерін (шпалдар) үздіксіз ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізуде. Жолды жөндеу жұмыстары жаңа әдіс бойынша - учаскені 36 сағатқа жабу арқылы жүргізіледі. Осы уақыт ішінде теміржолшылар жол техникасын пайдаланып үлкен көлемдегі жұмыстарды орындайды.
Қызылорда жол дистанциясының жолшылары Duomatic, ПРБ, ВПО, ШОМ, ДГС, RM-80, SMD-80 сияқты станоктарды пайдалана отырып, 36 сағатта 3800-ден астам шпал ауыстырды.
Қызылордалық теміржолшылар Қырғызстаннан келген мамандармен және еліміздің өзге өңірлеріндегі әріптестерімен жаңа технологиямен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі