ҚТЖ жүргізушілерді теміржол өткелдерінде сақ болуға шақырады

Жаңалықтар

ҚТЖ жүргізушілерді теміржол өткелдерінде сақ болуға шақырады




17-01-2025

ҚТЖ жүргізушілердің назарын теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттілігіне тағы да аударып отыр. 2024 жылы өткелдерде 28 жол-көлік оқиғасы тіркелді, олардың көпшілігі күзетілмеген өткелдерде орын алды. Осы оқиғалардың барлығы автокөлік жүргізушілерінің темір жолдарды кесіп өту кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзуының нәтижесі болды.

ҚТЖ өткелдердегі қауіпсіздік жол қозғалысы барлық қатысушыларының өзара жауапкершілігіне байланысты екенін еске салады. 2024 жылы теміржолшылар 102 мыңнан астам жүргізушіні теміржол өткелдері арқылы өту ережелерімен таныстырды. Олар 2 мыңнан астам профилактикалық рейдтер жүргізді және 800 жуық жүргізушімен автокөлік кәсіпорындарында кездесулер өткізді, онда теміржол өткелдерінен өту кезінде абайлау мен ережелерді сақтаудың маңыздылығы талқыланды.

ҚТЖ жүргізушілерді бағдаршамдар мен тыйым салу белгілерін елемей кетпеуге, сондай-ақ әсіресе ауа-райы жағдайлары жолдардың көрінуі мен жай-күйін айтарлықтай нашарлатуы мүмкін қыс мезгілінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі