ҚТЖ жобалары көлік және логистика саласындағы беделді Еуразиялық сыйлықпен марапатталды
19-12-2024
"ҚТЖ" ҰК" АҚ жобалары көлік және логистика саласындағы "Магистраль Awards-2024" Еуразиялық сыйлығымен бірнеше номинацияларда, оның ішінде: "Жылдың үздік жобасы", "Үздік старт" және "Көлік саласындағы үздік HR-бастамалар" номинациясында.атап өтілді.
Сиань қаласындағы көлік-логистикалық орталық "Жылдың үздік жобасы" атанды. Рекордтық мерзімде салынған терминал Қытайдың жүк құраушы аймағындағы негізгі логистикалық хабқа айналды, ҚХР-дың барлық аймақтарынан және негізгі халықаралық маршруттардан жүктерді шоғырландырды.
Жобалық қуаттылығы жылына шамамен 133 мың ЖФЭ көлік-логистикалық орталығы Орталық Азия, ТХКБ елдері мен Ресей бағытында теміржол және автокөлікпен жөнелтілімдерді қалыптастыруға, жүктерді жеткізу мерзімдерін едәуір қысқартуға және "соңғы миль"қағидаты бойынша көліктік-логистикалық қызметтер көрсетуге мүмкіндік берді.
Өңірдің негізгі жүк жөнелтушілері автомобильдер мен олардың құрамдас бөліктерін, электрондық техника мен жабдықтарды, металл бұйымдары мен құрама жүктерді өндірушілер болып табылады.
Терминал ашылған сәттен бастап шамамен 23 мың ЖФЭ өңделді, 2030 жылға қарай оның көлемін жылына 83 мың ЖФЭ-ге дейін ұлғайту жоспарлануда.
"Үздік старт" номинациясы бойынша жүлдені "ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес ұйымы — "Кедентранссервис" АҚ-ның Алят (Әзірбайжан) теңіз портында интермодальды жүк терминалын құру жобасы алды.
Ағымдағы жылдың 12 қарашасында Баку қаласында БҰҰ-ның 29-шы конференциясы (БЖБ 29) шеңберінде "ҚТЖ" ҰК" АҚ серіктестермен бірлесіп, іске асыру туралы келісімге қол қойып, жобаны сәтті іске қосты.
Ауданы 5 га және жобалық қуаты жылына 1,5 млн тоннадан асатын жаңа терминал кешені әмбебап жүк алаңын, ауданы 5 000 шаршы метр жабық қойма кешенін және сыйымдылығы 1 000 контейнерден асатын контейнер алаңын салуды көздейді.
Бұл жобаны іске асыру процестерді оңтайландыруға және тасымалдау көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ Қытай, Қазақстан және Әзірбайжанның жетекші көлік-логистикалық хабтарын біріктіретін бірыңғай көлік платформасын құруға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде, "Көлік саласындағы үздік HR-бастамалар" номинациясында ҚТЖ "Теміржолшыларды моральдық көтермелеу жүйесін дамыту" жобасы жеңіске жетті. ҚТЖ әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту және қызметкерлер үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасау бойынша жоспарлы жұмысты жалғастыруда. Биыл Қазақ темір жолының 120 жылдығын мерекелеу аясында жаңа ведомстволық наградалардың 23 түрі енгізілді.
"Магистраль Awards" логистика және көлік саласындағы Еуразиялық сыйлығының "Еуразияның көлік қаңқасын институционалдық дамытуға қосқан үлесі үшін" номинациясында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Ерлан Қойшыбаев марапатталды
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі