ҚТЖ желісі бойынша сұйытылған газды тасымалдау жоспары 100% орындалды

Жаңалықтар

ҚТЖ желісі бойынша сұйытылған газды тасымалдау жоспары 100% орындалды




11-06-2024

ҚТЖ сұйытылған газды тасымалдауға жүк жөнелтушілердің барлық өтінімдерін 100% орындауда. Мәлімделген көлемдер әкетіліп жатыр. Желіде бірнеше тәулікке газ тасымалдауға арналған бос вагон-цистерналар қоры бар.

 2024 жылдың басынан бері ел бойынша 550 мың тоннадан астам сұйытылған газ теміржол көлігімен жеткізілді. Жоспар 100% орындалды. Ал өткен жылдың ұқсас кезеңдерімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 20% өсті (90 мың тоннаға артық тасымалданды).

 "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да мұнай өнімдерін тасымалдау жөніндегі штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Тиелген және бос вагондарды тиімді жылжыту үшін жеке диспетчерлер бөлініп, жылжымалы құрамның нормативтік айналымы қамтамасыз етіледі. 

Бұдан басқа, ҚТЖ вагон операторларымен сұйытылған газы бар вагондарды межелі жерлерге бірінші кезекте өткізу, кірме жолдарға/одан цистерналарды уақтылы тасымалдау, беру және жинау бойынша бірлескен жұмыс атқаруда. Бос вагондарды ілгерілету және мұнай өңдеу зауыттарында цистерналардың үш тәуліктік қорын сақтау бойынша бақылау жүргізіледі.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі