ҚТЖ жеке кассада билеттерді жоғары бағамен сату фактісін анықтады

Жаңалықтар

ҚТЖ жеке кассада билеттерді жоғары  бағамен сату фактісін анықтады




21-08-2024

ҚТЖ қайта сатып алушылармен күрес бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Алматы -1 теміржол вокзалында жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, кезекті тексеру жүргізілді. Соның барысында жеке кассада билеттерді белгіленген құннан екі есе жоғары бағамен сату фактісі анықталды.

Тексеру кезінде жеке кассаның жұмысы тоқтатылды. Тергеп-тексеруге арналған материалдар уәкілетті органдарға берілді.

Бұған дейін жол жүру құжаттарын қайта сатудың алаяқтық схемасы Алматы – 2 вокзалындағы жеке кассада ашылған болатын.

ҚТЖ-да билетсіз жолаушыларды тасымалдау және жол жүру құжаттарын заңсыз сату фактілеріне нөлдік төзімділік саясаты қолданылып келеді.
 

   Видеоны көру

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі