ҚТЖ-да «Railway Ladies Club» әйелдер клубы құрылды

Жаңалықтар

ҚТЖ-да «Railway Ladies Club» әйелдер клубы құрылды




06-03-2024

Әйелдер клубының басты миссиясы – еліміздің әр өңіріндегі теміржолда жұмыс істейтін аруларды біріктіру. Әйелдер желісі – бұл қосымша байланыс арнасы ғана емес, сонымен қатар жеке және кәсіби дамудың қуатты ресурсы.

Әйелдер клубын құру компанияда гендерлік теңгерімді орнату жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде ESG рейтингін жақсарту жөніндегі Жол картасында көзделген.

Telegram арнасында Сіз көптеген пайдалы және қызықты ақпаратты таба аласыз. Күн сайын келесі тақырыптар бойынша материалдар жарияланады: мотивация, сұлулық және денсаулық, қаржылық сауаттылық, лайфхактар және интерактив.

«ҚТЖ әйелдер клубына» кіру үшін қосымшадағы QR-код бойынша немесе арнайы сілтеме бойынша өту қажет. Кез-келген уақытта, әркімге ыңғайлы кезде сапалы контентті пайдалану және кері байланыс алмасу.

ҚТЖ-да 116 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде әйелдер 22% немесе 26 мыңды құрайды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі