ҚТЖ басшылығы Маңғыстау торабының теміржолшыларымен кездесті
26-09-2024
ҚТЖ басшылығы Маңғыстау өңіріне жұмыс сапары кезінде инфрақұрылымның негізгі кәсіпорындарын қарап, жұмыскерлердің еңбек жағдайларын және шаруашылықтардың қысқа дайындығын тексерді.
Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясы "Теміржолсу" филиалының нысандарын аралады. Қажетті керек-жарақтың,, материалдардың болуы мен жай-күйі, техниканың шұғыл жұмыстарды жүргізуге және Маңғыстау станциясындағы қалпына келтіру пойызының басқа да шаруашылық міндеттерін орындауға дайындығы тексерілді.
Бейнеу станциясында компания басшылығы Маңғыстау вагон пайдалану депосының және жол дистанциясының техникалық байқау пункті ұжымдарымен кездесті. Кәсіпорындарға келіп түскен жаңа техника мен шағын механикаландыру құралдары қаралды. Қызметкерлер белсенді жаңарту жүріп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, домкраттардың сапасы мен берілген автомобильдерге кейбір қосалқы бөлшектер мен сервистік қызмет көрсету қажеттілігі туралы сұрақтар көтерілді. Осыған ұқсас мәселелер басқа кәсіпорындарда да болғандықтан, домкраттарды ауыстыру және осы жабдықты жеткізушілерді ауыстыру мәселесін қарастыру тапсырылды. Теміржолшыларды толғандыратын еңбек жағдайлары, арнайы киім, жалақы, ұжымдық шарт тармақтарының орындалуы мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.
Компания басшылығы жұмыскерлерге жұмыс киімінің сапасын жақсартуға қолдау көрсетті. Еңбек ұжымын тарта отырып, мердігерлік ұйыммен тиісті жұмыс жүргізу тапсырылды. Барлық сұрақтар ерекше бақылауға алынды.
Кәсіпорын ұжымдарымен дәстүрлі жалпы жиналыста ҚТЖ басшылығы Маңғыстау торабының теміржолшыларына жұмыстары үшін алғыс білдіріп, еңбекте табыс тіледі. Қазақстан темір жолының 120 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен компанияның дамуына елеулі үлес қосқан және жұмыста жоғары нәтижелер көрсеткен сала ардагерлері мен үздік теміржолшылар марапатталды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі