ҚТЖ 2024 жылы атмосфераға шығарындылар мен қалдықтар көлемін азайтты

Жаңалықтар

 ҚТЖ 2024 жылы атмосфераға  шығарындылар мен қалдықтар көлемін азайтты 




05-02-2025

2024 жылы ҚТЖ бойынша атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары 2,2%, ал өндіріс және тұтыну қалдықтары 1,5% азайды. Қалдықтарды бөлу жобасы аясында макулатура, пластмасса, пайдаланылған автомобиль шиналары мен аккумуляторларды қоса алғанда 102 мың кг астам материал қайта өңделді. Кәдеге жаратуға 34,8 мың кг астам аккумуляторлық батарея, 12,4 мың кг астам офис техникасы және 12 мың кг жуық автомобиль шинасы жөнелтілді.

Сонымен қатар, вокзалдарда және ҚТЖ әкімшілік ғимаратында орнатылған фандоматтар көмегімен 100 мыңнан астам пластикалық бөтелке мен қаңылтыр банка қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін берілді.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі