Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Осы жылдың қаңтар айында ТХКБ бойынша Ақтау порты арқылы контейнерлерді ауыстырып тиеу 2 есе өсті 




13-02-2024

2024 жылғы қаңтарда Ақтау теңіз порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеудің жалпы көлемі 360 мың тоннадан асты, бұл 2023 жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткішінен 12,7% жоғары. Порт 3 мың тонна астық, 310 мың тонна мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиеуді қамтамасыз етті. 

Теңіз айлағы 2,3 мыңнан астам контейнерді жиырма футтық эквивалентте (ЖФЭ) өңдеді, бұл өткен қаңтарға қарағанда 30% көп. Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша 2 мыңнан астам ЖФЭ бар. Бұл көрсеткіш өткен жылдың деңгейіне қарағанда 2 есе өсті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі