ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2025 жылға арналған жүктерді тасымалдауға арналған теміржол тарифтік саясаты қабылданды
01-11-2024
Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің тарифтік келісіміне қатысушы – теміржол әкімшіліктерінің ХХХІІІ тарифтік конференциясы аяқталды.
Конференция жұмысына Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан мемлекеттері теміржол әкімшіліктерінің, сондай-ақ Достастыққа қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің өкілдері қатысты.
Конференцияда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің 2025 фрахталық жылға арналған халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдауға арналған теміржол тарифтік саясаты қабылданды.
2025 жылға арналған тарифтік саясат істерін басқару функциялары Қазақстанның теміржол әкімшілігіне жүктелген.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі