Теміржолшылар Достық кентіндегі коммуналдық апатты жоюға қатысуда
13-01-2024
Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында Достық кентінде мектеп ауласы аумағында жылыту құбырының жұлынуы орын алды. Оқиға салдарынан мектеп пен станция әкімшілік ғимараты жылусыз қалды. Оқушылар онлайн оқытуға ауыстырылды. Теміржолшылар апаттық қызмет қызметкерлеріне жылу трассасын жөндеуге көмек көрсетуде. Станция ғимаратын жылыту қалпына келтірілді. Станция штаттық режимде жұмыс істеуде.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі