Темір жолды қардан тазартуға арналған арнайы техника жұмысқа дайын
15-11-2024
Темір жолда қар тазалау үшін 280 бірлік арнайы техника: 192 қар тазалау және 88 қар жинау машиналары толық дайындықта.
Барлық техника жоспарланған жөндеу және техникалық қызмет көрсетуден өтті.
Арнайы техника қыста қарлы учаскелерді ескере отырып, бүкіл теміржол желісіне таратылады. Магистральдық желі бойынша мұндай учаскелердің жалпы ұзындығы 5000 км-ден асады. Қар жинайтын және қар тазалайтын машиналардың негізгі бөлігі
Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Абай және Ақтөбе облыстарында шоғырланған.
Сондай-ақ, жолды қар үйінділерінен қорғау мақсатында қардан қорғайтын қоршаулар жөнделді. Бағыттамалық бұрмалардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін станцияларда пневматикалық үрлеу жүйелері жұмысқа дайын.
Теміржолшылар қыс мезгілінде, қатты жауын-шашын кезінде, автомобиль жолдары мен авиарейстердің жабылуы жағдайында жолаушыларды қауіпсіз және үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге дайын.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі