Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Заманауи маневрлік тепловоздар Ұлттық жүк тасымалдаушы паркін толықтырды




21-08-2024

 Жыл басынан бері “Локомотив Құрастыру зауыты” АҚ зауытында жиналған ТЭМ-11а 0015 және ТЭМ-11А 0016 сериялы 18 заманауи маневрлік тепловоз жеткізілді. Локомотивтер Астана, Жаңа Есіл және Жезқазған деполарының паркін толықтырды. 

Заманауи техника маневрлік және шаруашылық жұмыстарға арналған. Тепловоз кабинасында машинист пен оның көмекшісінің жұмысы үшін қолайлы жағдайлар жасалған. 

ҚТЖ жылжымалы құрам паркін жоспарлы түрде жаңартып келеді.   2023 жылы ең ірі көлем  – 112 бірлік локомотив қойылды. 2029 жылға дейін 359 локомотив сатып алынады. 

Бұдан басқа, ҚТЖ-ның қытайлық “CRRC Corporation Limited” корпорациясымен ынтымақтастық туралы келісімі шеңберінде 100 маневрлік және 100 магистральдық локомотив сатып алынатын болады. 
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі