Қостанайлық теміржолшылар 26,5 млн тоннадан астам жүк тасымалдауды қамтамасыз етті

Жаңалықтар

 Қостанайлық теміржолшылар 26,5 млн тоннадан астам жүк тасымалдауды қамтамасыз етті




06-02-2025

2024 жылы Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесінің желісінде 26,5 млн тоннадан астам жүк тиелді. Есепті кезеңде 6269 ауыр жүкті және 2734 ұзын құрамды пойыз құрылды, сондай-ақ 405 мыңнан астам вагон тиелді. Тиеудің орташа тәуліктік көлемі 1,1 мың вагонды құрады. Жүктердің негізгі номенклатурасына 11,8 млн тонна темір кені, 8 млн тонна түсті кен, 2,9 млн тонна астық және 1,3 млн тонна ұнтақ өнімдері кірді.

Тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды: 2024 жылы бұл көрсеткіш 100% құрады, бұл тасымалдардың сенімділігі мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін көрсетеді. Сондай-ақ, 2023 жылмен салыстырғанда кірме жолдардағы релсьтен шығыа кету санын 13 оқиғаға азайту мүмкін болды. Жалпы, бөлімшенің барлық негізгі көрсеткіштері орындалды.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі