Қостанай өңірінде үш теміржол учаскесі күрделі жөндеуден өтті

Жаңалықтар

Қостанай өңірінде үш теміржол учаскесі күрделі жөндеуден өтті




17-12-2024

Ағымдағы жылы Қостанай магистральдық желі  бөлімшесінің 60,7 км үш учаскесінде: Притобольская – Апановка (19,846 км), Қарағанды – Басағаш (25,0 км), Қостанай – Алкау разъезі (15,894 км) темір жолға күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, бөлімше желісіне 56 жаңа бағыттамалы бұрма кешені төселді.

Жол жөндеу науқаны теміржол көлігі қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге және ұстап тұруға бағытталған. 

Бұдан басқа, пойыздарды қауіпсіз өткізу үшін қостанайлық теміржолшылар жол құрылғыларын, белгі беру мен байланысты, сондай-ақ электрмен жабдықтау жүйелерін тиісті күтіп ұстауды қамтамасыз етеді.
 


Белгі беру және байланыс дистанциясы қызметкерлері жылдық жоспарларын асыра орындап, БОБ жүйелеріне арналған 241 аккумуляторлық құрылғыны (жоспар бойынша 203 бірлік), 16 СП-6 электр жетегін ауыстырды. Жақсартылған оқшаулаумен 11 км-ден астам жаңа БОБ кабелі тартылды. 16 өткелде сигналдарға арналған заманауи жарықдиодты модульдер орнатылса, бұл жүргізушілердің байқауын едәуір жақсартты. 

Электрмен жабдықтау шаруашылығында байланыс желісінің тіректерін түзету 74% асыра орындалды, ұзындығы 993,4 км учаскеде байланыс желісіне ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар 17 190 изоляторға диагностика жүргізілді. ОМ және ЗНОМ типті 178 трансформатор жөнделді және ауыстырылды.

“ҚТЖ” ҰК” АҚ – “Қостанай магистральдық желі бөлімшесі” филиалы компанияның ірі филиалдарының бірі болып табылады. Филиал жолдарының жалпы ұзындығы 2756,5 км. Санитарлық-тұрмыстық жағдайларды жақсарту аясында 20 өндірістік ғимарат жөнделіп, ауысым қызметкерлерінің тұруына қолайлы болуы үшін 12 модульдік үй орнатылды.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі