09-09-2023
2023 жылдың 7 айында Қазақстан арқылы ТХКБ бойынша жүк тасымалдау көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 86% өсті және қазірдің өзінде 1,6 млн тоннаны құрады, бұл ретте Қазақстаннан экспорт 1,2 млн тоннаны құрады (өсім 2,5 есе).
Бүгінгі таңда Қытай мен Орталық Азия елдерін Каспий, Оңтүстік Кавказ және Түркия арқылы Еуропамен байланыстыратын TХКБ (дәліздің Халықаралық атауы – Орта дәліз) көптеген елдердің назарын аударуды жалғастыруда.
Қазіргі геосаяси жағдайда ТХКБ өсудің негізгі нүктелерінің біріне айналды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағытты елдің транзиттік және экспорттық мүмкіндіктерін неғұрлым толық іске асыруға ықпал ететін «негізгі байланыстырушы буын» деп атады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі