Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Демалыс күндері ауа райы қолайсыздығында жолаушылар пойыздары 500 астам адамды трассадан алып кетті




15-01-2024

   Қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ағымдағы жылдың 13-14 қаңтар аралығында "Жолаушылар тасымалы" АҚ 500 астам жолаушыны эвакуациялауды сәтті ұйымдастырды.Бұл күндері Астана - Павлодар, Есіл - Атбасар және Көкшетау - Астана учаскелеріндегі автомобиль жолдарына шектеулер енгізілді. 
Осыған байланысты жолаушылар келесі пойыздармен тасымалданды:

- "Павлодар-Нұр-Сұлтан-1" бағыты бойынша №7501;
-  "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Көкшетау" бағыты бойынша №7507/7508;
-  "Нұр-Сұлтан-1-Көкшетау" бағыты бойынша №6829/6830;
-  "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Атбасар" бағыты бойынша №6803/6804; 
- "Нұр-Сұлтан - 1-Павлодар" бағыты бойынша №7502;
-  "Нұр-Сұлтан-1 – Ерейментау" бағыты бойынша №6832. 

Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтамайды. Теміржолдың барлық құрылымдық бөлімшелері жолаушыларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етті. 
Барлық азаматтардан өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және осындай ауа-райында сапарлаудан бас тартуды сұраймыз.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі