Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен 700-ден астам жолаушы тасымалданды

Жаңалықтар

Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен 700-ден астам жолаушы тасымалданды




05-01-2025

Тас жолдардың уақытша жабылуы және басқа көлік түрлерінің қозғалысы шектелуі жағдайында пойыздар ең сенімді әрі қауіпсіз көлік құралы болып саналады.

Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен Сарыбель, Макинка, Елтай, Ақкөл, Екібастұз, Ерейментау және Бурабай курорты станцияларынан 700-ден астам жолаушы тасымалданды.

Тасымалдау жұмыстары жалғасып жатыр. Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, ұзақ сапарлардан бас тартуға шақырады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі