Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

ҚТЖ Сиань - Достық/Алтынкөл - Селятино Маршрутында E-Commerce-ті дамытады




21-10-2024

Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі мен Мәскеу облысы үкіметі өкілдерінің қатысуымен "KTZ Express" АҚ ("ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес ұйымы), Polyking New Horizons Technology Industry Co., Ltd. және "Славтранс-Сервис" АҚ арасында трансшекаралық электрондық сауда саласында одан әрі ынтымақтасу туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар Селятино станциясында CRK Terminal қатысуымен жобаны іске асыру туралы келісті, ол қатысушылардың цифрлық үйлестірілуін қамтамасыз етеді және логистикалық процестердің ашықтығын арттырады. CRK Terminal жеткізу мерзімін 10 күнге дейін қысқартып, тұйықталған HUB-to-HUB логистикалық циклін құра отырып, көлік маршрутындағы инфрақұрылымның негізгі нысаны болады.

Polyking New Horizons Technology Industry Co., Ltd. - логистика және жеткізу тізбегін басқару саласындағы инновациялық шешімдерге маманданған қытайлық компания. Sinosure Fund және China Poly Group Corporation холдингінің құрамына кіреді, "Бір белдеу, бір жол" бастамасының негізгі қатысушылары.

"Славтранс-Сервис" АҚ - KTZ Express-тің стратегиялық серіктесі, Мәскеу мен Мәскеу облысындағы ірі көлік-логистикалық орталықтары бірінің иесі.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі