ҚТЖ Еуропа елдері нарықтарында ТХКБ бойынша ынтымақтастықты кеңейтеді
19-06-2024
Астана қаласында "ҚТЖ" ҰК" АҚ Румыния теміржол саласының өкілі - CFR Marfa компаниясымен келіссөздер жүргізді. CFR Marfa өкілдері Қазақстан Республикасының көлік-логистика саласын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.
Еуропа елдері бойынша жүктерді одан әрі тарату торабы - Констанца портынан Будапештке дейінгі маршрутта KTZ Express-тің қатысуын кеңейту қажеттілігіне баса назар аудара отырып, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қол жеткізілген уағдаластықтарды бекіту шеңберінде KTZ Express және CFR Marfa Бірлескен жобаларды одан әрі іске асыру үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі