Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

ҚТЖ: қызметкерлердің әл-ауқатын арттыру және еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде




14-02-2025

Ақтау қаласында компанияның корпоративтік орталығы өкілдерінің және Маңғыстау өңірі қызметкерлерінің қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" АҚ дөңгелек үстелі өтті. 

Кездесу барысында компанияның корпоративтік орталығының өкілдері ағымдағы жоспарларымен бөлісіп, қызметкерлердің әл-ауқатын жақсарту үшін қабылданып жатқан жоспарлы іс-шаралар туралы айтып берді.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап компанияның қаржылық-экономикалық мүмкіндіктеріне сәйкес желілік кәсіпорындардың барлық қызметкерлері үшін жалақыны 7%  арттыру жүргізілгені атап өтілді.

Сондай-ақ, жалақыны арттыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде өндірістік персоналға сыйлықақы беру жүйесін дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде: 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕҚК (еңбекке қатысу коэффициенті) бойынша ай сайынғы сыйлықақы мөлшері  10% немесе тоқсан сайын 30% құраған барлық қызметкерлерге сыйлықақы мөлшері ай сайын 15% дейін немесе тоқсан сайын 45%  дейін ұлғайтылды.

Жалпы, соңғы үш жылда компанияда қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. 

2024-2026 жылдарға арналған ұжымдық шартта әлеуметтік жеңілдіктер мөлшерінің 2023 жылмен салыстырғанда орта есеппен айтарлықтай 20-50%  ұлғаюы көзделген. 

Жыл сайын мереке күндері (төрт мереке күніне 1 ЕТЖ бойынша) қарсаңында біржолғы сыйлықақыларды төлеу практикасы іске асырылады.

Моральдық ынталандыру саласында ведомстволық наградалардың 23 жаңа түрін қоса алғанда, жаңа бастамалар енгізілді, сондай-ақ қолданыстағылардың 10-ы жаңартылды. Наградалардың түріне байланысты лауазымдық жалақыға 5-тен 10% дейінгі ай сайынғы үстемеақылар және 30-дан 60 АЕК-ке дейінгі мөлшерде біржолғы ақшалай төлемдер белгіленді. Мысалы, теміржол саласындағы адалдығы мен көпжылдық еңбегі үшін төсбелгі табысталғаны үшін марапатталғандарға теміржол саласындағы жұмыс өтіліне байланысты жыл сайын біржолғы үстемеақы төленетін болады:

 - "Теміржол саласында 10 жыл мінсіз қызметі үшін" 100 000 теңге мөлшерінде;
- "Теміржол саласында 20 жыл мінсіз қызметі үшін" - 200 000 теңге;
- "Теміржол саласына 30 жыл мінсіз қызметі үшін" - 300 000 теңге.

Ашық диалог барысында қызметкерлер өз ұсыныстарымен бөлісіп, жалақының деңгейін арттыру, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту, әлеуметтік саясатты жетілдіру мәселелері, сондай-ақ басқа да мәселелер сияқты назар аударуды қажет ететін негізгі мәселелерді белгіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша компанияның қаржылық-экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық айтылған ұсыныстарды неғұрлым егжей-тегжейлі қарау үшін талқылауды жалғастыру ұсынылды. 

"ҚТЖ" ҰК" АҚ елдегі ең ірі жұмыс беруші бола отырып, тұрақты негізде қызметкерлердің әл-ауқатын арттыру және еңбек жағдайларын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. 
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі