ҚТЖ Қазақстан халқы тілдері күнін атап өтті
02-09-2024
ҚТЖ орталық музейінде 5 қыркүйекте Қазақ тіл білімі, әдебиеттану ғылымының негізін салушы, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орай Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеуге арналған “Ардагер-теміржолшылар - ұлттық компанияның алтын қоры" атты іс-шара өтті.
Кездесу бастамашысы - ҚР тіл саясатын дамыту тұжырымдамасын іске асыру бойынша "ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы" жұмыс тобы. "Дөңгелек үстел" ана тіліне және өз еліне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу және қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту мақсатында өткізілді.
Кездесуге Айтбековтар мен Котыревтар еңбек әулеттерінің өкілдері шақырылды. Олар өз отбасыларының тарихын, бірнеше ұрпақты біріктірген сүйікті ісін айтып берді.
Іс-шараның модераторы Гүлнара Тұрсынбекова еңбек әулеті мен теміржол ардагерлерінің пойыздардың қауіпсіз қозғалысын және клиенттердің қанағаттануы деңгейін арттырудағы рөлі туралы ақпарат берді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі