Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

ҚТЖ: Қостанай өңіріне газ тасымалдауға барлық өтінімдер 100% қамтамасыз етілген
 




03-05-2024

2,5 мың тоннадан астам сұйытылған газ ағымдағы жылдың сәуір айында Қостанай облысына мәлімделген қажеттілік жоспарына сәйкес жеткізілді. Өңірге бағытталған вагондар жеделдетілген тәртіппен жеткізілуде.

ҚТЖ-да сұйытылған газ бен мұнай өнімдерін уақтылы тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Мұнай өңдеу зауыттарының жүктерді тасымалдауға барлық өтінімдері толық көлемде қамтамасыз етілуде.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі