Әйел машинистің сирек кездесетін құжаттары ҚТЖ музейінің қорын толықтырды

Жаңалықтар

Әйел машинистің сирек кездесетін құжаттары ҚТЖ музейінің қорын толықтырды




04-09-2024

Орталық теміржол көлігі мұражайының қорына Қазақстан паровозының алғашқы әйел-машинистерінің бірі Жабира Жүсіпованың отбасылық мұрағатынан бағалы құжаттар тапсырылды.


Олардың арасында 70 жылдан астам уақыт бұрын түсірілген жеке құжаттар, құрмет грамоталары мен фотосуреттер бар. Құжаттар аты аңызға айналған әйелдің отбасы, Қазақстандағы ең алғашқы басылымдар саналатын «Знамя Труда» және «Казахстанская правда» газеттерінің журналистері, сондай-ақ Түрксіб станциясының қызметкерлері, ҚТЖ баспасөз қызметі мен кәсіподағының арқасында жиналды және табысталды.  


Жабира Жүсіпова Пишпек - Луговая (Қазіргі Түрксіб) учаскесінде паровоз басқарды. Еңбек жолын 18 жасында машинист көмекшісі болып бастаған.


Өзінің адал еңбегі үшін Жабира Жүсіпова «Ленин» орденімен марапатталды. Ол Қырғыз КССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды, Қазақстан Коммунистік партиясының XIII съезінің делегаты болды. 
Түрксіб станциясындағы көшелердің бірі Жабира Жүсіпованың есімімен аталады. Жерлестері атап өткендей, ол олар үшін батылдық пен еңбекқорлықтың, әйелдік пен шыдамдылықтың үлгісі болып табылады.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі