Алғашқы туристік пойыз Алматыға Сианнан 1 шілдеде келеді
12-06-2024
"ҚТЖ" ҰК" АҚ мен Сиань қаласы мэриясының (ҚХР) басшылығы ҚХР-дан Алматыға алғашқы туристік пойызды іске қосу бойынша келіссөздер жүргізді. Тараптар 2024 жылғы 26 маусымда Сиань қаласынан құрамды іске қосуға және оның 1 шілдеде Алматыға келуін ұйымдастыруға келісті. Құрамында 246 жолаушы жеткізетін 9 вагон болады деп жоспарлануда. Пойыз Қорғас — Алтынкөл шекара өткелі арқылы өтетін болады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі