ЕҚДБ мен ҚТЖ арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
31-10-2024
"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да өткен кездесу барысында ЕҚДБ мен ҚТЖ арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Осы Меморандумның мақсаты Қазақстан теміржол секторының инфрақұрылымын жаңғыртуды қоса алғанда, ЕҚДБ мен ҚТЖ арасындағы болашақ ынтымақтастықтың стратегиялық негізін құру және негізгі бағыттарын айқындау болып табылады.
Меморандум шеңберіндегі өзара іс-қимыл Транскаспий халықаралық көлік бағдарының инфрақұрылымын жаңғыртуды, қаржылық және экологиялық тұрақтылықты жақсартуға, сондай-ақ әлеуметтік және басқару (ESG) стандарттары саласындағы үздік тәжірибелерді ілгерілетуді жеделдетуге мүмкіндік береді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі