29 мыңнан астам оқушыға темір жолдағы тәртіп ережелері түсіндірілді
03.06.2024
Теміржолшылар көліктегі полиция өкілдерімен бірлесіп ағымдағы жылдың мамыр айында темір жолдардың жанында орналасқан оқу орындарында 400 астам профилактикалық әңгімелесу жүргізді. Қауіпсіздік сабақтарына 29 мыңнан астам бала қатысты. Кездесулер Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Атырау және Маңғыстау сияқты өңірлерде өткізілді. Оқу орындарында 79 кездесу өткізген Ақтөбе теміржолшылары, 77 кездесу өткізген Шымкент теміржол қызметкерлері көшбасшы болды. Қызылордада "жоғары қауіпті теміржол аймағы" тақырыбында 58 жиналыс ұйымдастырылды. Теміржолшылар балаларға өз жұмыстары туралы бейнероликтер көрсетіп, олардың өмірі мен денсаулығын сақтай алатын теміржол инфрақұрылымы объектілеріндегі мінез-құлық ережелерін түсіндірді.
Теміржолда балалармен жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған әңгімелер өткізу жазғы демалыс қарсаңында дәстүрге айналды.
ҚТЖ теміржол инфрақұрылымы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады және ата-аналарға балалармен түсіндірме әңгімелер жүргізу туралы өтінішпен жүгінеді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі