Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Жаңа жыл қарсаңында 200-ден астам адам жолаушылар пойызымен эвакуацияланды




29-12-2023

Қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты Көкшетау-Астана тас жолы жабылды. Салдарынан 200-ден астам адам Ақкөл станциясының тас жолынан елордаға дейінгі №6830 ұлттық тасымалдаушының пойызымен эвакуацияланды. Пойыз бригадасы жолаушыларға қажетті көмек көрсетті.

Жаңа жыл қарсаңында ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, теміржолдағы пойыз бригадасының барлық қызметкерлері жолаушылар пойыздарының қозғалысын қамтамасыз етіп, жолаушыларды тасымалдау кезінде барлық жайлылық жағдайларын жасайды. 
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі