Бірінші көліктік сауда-экспорттық форумда “Солтүстік - Оңтүстік” дәлізінің перспективалары ұсынылды

Жаңалықтар

Бірінші көліктік сауда-экспорттық форумда  “Солтүстік - Оңтүстік” дәлізінің перспективалары ұсынылды

 




23-07-2024

 “KTZ Express” АҚ (“ҚТЖ” ҰК” АҚ еншілес компаниясы) “Солтүстік -Оңтүстік” бірінші көліктік сауда-экспорттық форумына қатысты. 

Форум Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен Ақтау қаласында өтті және 12 елден 440 астам қатысушыны, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) және Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) өкілдерін жинады.

 “KTZ Express” АҚ Бас директорының коммерция жөніндегі орынбасары Ұлықбек Оразов пленарлық сессияда “Солтүстік - Оңтүстік” халықаралық көлік дәлізінің болашағы мен әлеуетіне арналған баяндама жасады.
 
Бұл іс-шара “Солтүстік - Оңтүстік” халықаралық көлік дәлізі ойыншыларының қатысуымен теміржол және автомобиль жолдарын, сондай-ақ порт инфрақұрылымын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін тиімді алаң болды. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі