Қауылжыр станциясында пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді
27-03-2024
Сағат 19.10-дағы жағдай бойынша Шалқар – Жем учаскесінің Қауылжыр станциясында жүк вагондарының рельстен шығып кетуіне байланысты үзілген пойыздар қозғалысы қайта жанданды. Жолаушылар пойыздарын бірінші кезекте өткізу қамтамасыз етілді.
Компания уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі