2023 жылы 300 мың шақырымнан астам темір жолы тексерістен өткізілді
02-02-2024
Өткен жылы теміржолшылар 314 мың шақырым жолды тексеруден өткізді. Жолдың жай-күйі мобильді диагностикалық кешендер (МДК) көмегімен жүргізіледі.
Мобильді кешендер әртүрлі факторлардың әсерінен болатын жыжып кетулердіі және жол инфрақұрылымының ақаулы жерлерін уақтылы анықтауға мүмкіндік береді. Мониторинг қорытындысы бойынша нәтижелер компанияның тиісті құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі. Олардың негізінде теміржол төсемін ауыстыру, жөндеу және қызмет көрсету бойынша жедел шешімдер қабылданады.
МДК борты компьютерлермен және мониторлармен, тиісті бағдарламалық жасақтамамен жабдықталған. Бір МДК штатында тоғыз адамнан тұратын екі ауысымда жұмыс істейтін 18 маман бар. Ауысым 15 күнге созылады. Оларға әр сапарға өз учаскелеріне жауапты жол дистанциясының қызметкерлері ілесе жүреді. Қызметкерлерге жайлы болуы үшін МДК – да барлық тұрмыстық жағдайлар жасалған - душ, кір жуғыш машина, барлық қажетті жабдықтары бар толыққанды ас үй.
МДК көмегімен темір жолының үздіксіз мониторингі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өзінің тиімділігін дәлелдеді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі