Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

ҚТЖ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының темір жол тасымалына 70 пайыздық жеңілдік берді




16-06-2026

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ әлеуметтік жауапты тариф қалыптастыру саясаты шеңберінде республикаішілік қатынаста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, сондай-ақ ұн тарту және нан пісіру кәсіпорындарына бидайды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісі мен тасымалдаушының қызметтері тарифтеріне 0,3 төмендету коэффициентін (70% жеңілдік) беру туралы шешім қабылдады.

Бұл шара әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 30 астам атауына қолданылады және отандық азық-түлік өндірушілердің көлік шығындарын азайтуға, сондай-ақ ішкі нарықта азық-түлік бағасының өсуін тежеуге бағытталған.

Жүк жөнелтушілердің теміржол тасымалына жұмсайтын шығыстары орта есеппен 40% қысқарады деп күтілуде, бұл баға тұрақтылығын қамтамасыз етудің және отандық тауар өндірушілер үшін теміржол тасымалының қолжетімділігін арттырудың қосымша құралы болады.

Тарифтер туралы толық ақпарат ресми сайттарда орналастырылған:

  •     – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – «Инфрақұрылым» → «Тарифтер» бөлімінде; 
  •     – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС     – «Тарифтік саясат» және «Клиенттерге» бөлімдерінде.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі