Қазақстан темiр жолы

Тұрақты дамуды басқару


«ҚТЖ» ҰК» АҚ Компанияның тұрақты дамуын және ұзақ мерзімді табыстылығын қамтамасыз ету үшін бизнес-процестерге тұрақты дамуды интеграциялау маңыздылығын сезінеді.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 2032 жылға дейінгі Даму стратегиясында «ESG қағидаттарын енгізу» стратегиялық мақсаты бар және ол 3 стратегиялық бастама: 

  • әлеуметтік тұрақтылықты арттырудың және кадрлық әлеуетті дамытудың;
  • экологиялық тұрақтылықтың ;
  • совершенствование корпоративтік басқаруды жетілдірудің іске асырылуын қарастырады.
     

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың Тұрақты даму саласындағы саясаты тұрақты даму саласындағы басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі Компанияның негізге алынатын құжаты болып табылады.

Саясат тұрақты даму саласындағы мақсаттарды, қағидаттарды, мақсаттарға қолжеткізу және тұрақты даму саласының қағидаттарын енгізу тетіктерін, мүдделі тараптармен әрекеттесуді басқарудың тиімді жүйесін құруды белгілейді.

 
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының тұрақты даму саласындағы саясаты