Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 5-бабына сәйкес сақтық қағидатын сақтау басым талаптардың бірі болып табылады. Осы қағидатты іске асыру шеңберінде қабылданатын басқарушылық және шаруашылық шешімдер нұсқаларының экологиялық және өзге салдарларын анықтау, қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, деградациялануын, зақымдалуын және түгесілуін болдырмау бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ әр жобаны жоспарлау кезеңінде қоршаған ортаға ықпал етуге баға беруді (ҚОЫБ) жүргізеді. Бұдан басқа, әр жобаны жобалау кезеңінде мүдделі тараптардың: әкімшілік, мемлекеттік және бақылаушы органдар, ғылыми-зерттеу ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер, жергілікті тұрғындар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Біз барлық мүдделі тараптардың ҚОЫБ жобаларына қолжеткізуін, ескертулер мен ұсыныстардың қабылдануы мен тіркелуін қамтамасыз етеміз.
ҚОЫБ жобалары "ҚТЖ" ҰК" АҚ компаниялар тобының мемлекеттік экологиялық сараптау объектісі болып табылады және мүдделі жұртшылық үшін Компанияның ресми сайтында, жергілікті билік органдардың веб-сайттарында жобаның бүкіл тіршілік циклы бойына қолжетімді.