Қазақстан темiр жолы

Климаттың өзгеру тәуекелдері

 

Климаттың өзгеруі дегеніміз бұл климаттың өзгеруімен және оның салдарларымен күресу жөніндегі шаралардың қолданылуын талап ететін төтенше ғаламдық проблема. Климаттың құбылмалы болуы мен өзгеруі теміржол көлігі мен инфрақұрылымының жағдайына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. 

 

Табиғи-климаттық тәуекелдер

Жауын-шашын деңгейінің өзгеруі өзендердің ағу динамикасына әсер етуі мүмкін, бұл темір жолдар, теміржол терминалдарының, порттарының жұмыс істеуі үшін теріс салдарларға алып келуі мүмкін. Мұндай құбылыстар тікелей залал келтіре алады, оны жою төтенше шараларды талап етеді. Бұл жөндеу-профилактикалық жұмыстарға қажеттілікті ұлғайта отырып, жолдардың, темір жолдардың, көпірлердің, туннельдердің, құрғату жүйелерінің, телекоммуникациялар және қозғалысты басқару жүйелерінің бұзылуына немесе пайдалану-техникалық жағдайының нашарлауына алып келуі де мүмкін. Ауа-райы құбылыстарынан туындаған авариялар санының өсуі, көлік жүйелерінің жұмысындағы кедергілер мен іркілістер нөсер жаңбырлар мен тасқындардың жиілеп кеткен салдары болып табылады.

Дауыл желдер порт имараттарына (мысалы, крандар мен жүк терминалдарына) залал келтіруі, теміржол көлігінің жұмысын қиындатуы мүмкін.

Аномал ыстық кезеңдер де сұрапыл өрттер мен құрғақшылдыққа, судың жетіспеуіне алып келіп, тамақ өнімдерінің сақталуын қиындатып және энергетика жүйелеріне қосымша жүктеме түсіріп, көлік қызметтері мен инфрақұрылымына әсер етуі мүмкін (инфрақұрылымының физикалық төзімділігі мен ұзақ уақыт бойына беріктігі, өзінің негізгі функцияларын орындауға қабілеттілігі). Бұл ретте жол төсемдері деформациялануы/сапасының нашарлауы және көлік қозғалысындағы іркілістер, теміржол жолдар деформациялануы және жер төсемінің кеуіп кетуі болуы мүмкін, бұл поездар қозғалысы жылдамдығының шектелуінен ұзақ кешігулерге алып келуі мүмкін. 

Каспий теңізінің таяздануы табиғи-климаттық елеулі тәуекелдердің бірі болып табылады. Орталық Азия өңіріндегі, сондай-ақ Каспийдің негізгі қорек көзі - Еділ өзені бассейніндегі климаттың жылынуы өзен деңгейі төмендеуінің негізгі себебі болып саналады. Мамандардың бағалауы бойынша, соңғы 20 жылда Каспий маңындағы орташа жылдық ауа температурасы 1 градусқа артты. Каспий теңізі-өзенінің басқа теңіздермен және мұхиттармен байланысы болмағандықтан, оның деңгейі негізінен атмосфералық жауын-шашынға, судың салалардан келуіне және булану мөлшеріне тәуелді. Ауа температурасы артқандықтан булануға кететін су шығыны артады, мұншама үлкен аумаққа есептегенде шығын айтарлықтай болады. Бүгінгі таңда Каспийдің су теңгерімі теріс: оның бетінен буланатын ылғал атмосфералық жауын-шашын, Еділ, Жайық және басқа салалары әкелетін ылғалдан асып түседі.

Өзгеріп жатқан климаттың ықтимал әсері және барынша аз шығынмен тез қалпына келу мүмкіндігі жоспарлаған, жобалаған, салған және пайдаланған кезде, сондай-ақ даму саласындағы осы секторды қозғайтын жалпы экономикалық стратегиялар мен сасясаттар шеңберінде ескеріледі.

 

Экологиялық тәуекел

Теміржол көлігі көліктің экологиялық таза түрі болып табылады. Теміржол көлігінің экологиялық артықшылықтары, бірінші кезекте, атмосфералық ауаға зиянды заттардың шығарылуын болдырмайтын және топырақтың ауыр металдармен ластануын азайтатын электр тартымын кеңінен қолданумен қамтамасыз етіледі. 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ экологиялық тәуекелдерді бағалауды тұрақты негізде жүзеге асырады, ол жоба салдарынан пайда болуы мүмкін қоршаған ортаны ластаумен байланысты авариялық жағдайлардың анықталуын, әр түрдегі авариялық жағдайлардан туындаған айтарлықтай экологиялық салдарларды толық жою жөніндегі жұмыстардың құнын бағалауды, әр түрдегі авариялық жағдайлардың ықтималдылығын анықтауды қамтиды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ өз қызметін ҚР қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамасына, , Экологиялық кодекске, «Теміржол көлігі туралы» Заңға және басқа заңдарға, нормативтік актілерге және халықаралық конвенцияларға сәйкес жүзеге асырады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ өнеркәсіптік экологиялық бақылау және басқару жүйелерінің көмегімен өз өндірістік процестерінің және зиянды шығарындыларының мониторингін жүзеге асырады. Бұл бақылау құралдары Компанияға қоршаған ортаны басқару бойынша шешімдер қабылдауға және қоршаған ортаны қорғаумен, өндірістік процесті реттеумен, өндірістік процестің қоршаған ортаға, халық денсаулығына ықпалын барынша азайтумен және энергия мен табиғи ресурстарды пайдалануға қатысты тиімділікті арттырумен байланысты экологиялық саясатты тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Қолданыстағы заңнамаға және нормативтік актілерге сәйкес Компания кем дегенде 5 жылда 1 рет міндетті энергоаудиттен өтеді, одан соң энергияны үнемдеу және оның тиімділігін арттыру, отын-энергетикалық ресурстарға жыл сайын жұмсалатын шығындарды азайту бойынша шаралар әзірленеді. Компания өз қызметінің қоршаған ортаға ықпалын барынша азайту және үкімет бастамаларын, соның ішінде жасыл экономика саласындағы бастамаларын ескеру үшін жыл сайын өзінің экологиялық жоспарларын қайта қарайды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ ағымдағы экологиялық стратегиясы өзгеден басқа шығарынды көздерін тазарту жабдықтарымен жарақтандыруды, тазарту имараттарын реконструкциялауды және нормативтік пен экологиялық саясат пен құжаттаманы әзірлеуді қамтиды.

Жыл сайын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға, соның ішінде қалдықтарды жою және қоршаған ортаның ластануын өлшеу жөніндегі тысқары мамандандырылған ұйымдармен келісім-шарттар жасасуға, рұқсаттама құжаттарын әзірлеуге, тиісті персоналды оқытуға, экологиялық сақтандыруды сатып алуға және инфрақұрылымды абаттандыру мен дамыту жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлінеді.

 

Каспий теңізінің таяздану қауіпі

Каспий  теңізі деңгейінің төмендеу тәуекелі Ақтау сауда теңіз порты маңындағы жағалау маңы экожүйесіне айтарлықтай әсер етеді және оның қызметіне әсер етеді. 

1999 жылдан бері Каспий  теңізі деңгейінің төмендеу үдерісі бар. 1999 және 2020 жылдар аралығындағы кезеңде Каспий  теңізі акваториясына жауын-шашын аз түсті, ал булану процестері анағұрлым қарқынды болды. Бұл Еділ өзенінен келетін судың азаюына байланысты (онда су аз болды). Судың аз болуының басты себебі – бүкіл солтүстік жарты шарды қамтыған климаттың жылынуы.

 

Каспий  теңізінде су деңгейінің төмендеуі салдарынан туындауы мүмкін негізгі экологиялық проблемалар:

• Маңғыстау облысындағы негізгі су көзі ретінде су алатын арна аумағының қысқаруы және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін судың өткір жетіспеуі;

• Жайық өзені жайылмасының таяздануы және уылдырық шашу орындарының және салдары ретінде бекіре балық популяциясының азаюы;

• жылы Қаракөл көлінің таяздануы және аққу, қызғылт қоқиқаз, бүркіт және т.б. сияқты қыстауға ұшып келетін қызыл кітапқа енген құстардың азаюы;

• теңіз порттары акваториясында су деңгейінің төмендеуі және топырақты шығарып, теңіз порты маңындағы жағалау маңы экожүйесіне елеулі әсер ететін мәжбүрлі жүргізілген теңіз түбін тереңдету жұмыстары.

 

Бұл тәуекелдердің салдарларын төмендетуге арналған шаралар:

• айлақтарды және айлақтарды бойлап теңіз түбінің 20 метр жолағын водолаздардың заттарды көтеріп, қарап тексеруі;

• «АСТП» ҰК» АҚ теңіз түбінің жеке учаскелеріндегі іріктеу және тазарту жұмыстары;

• жұмыстарды жүргізу жобасына сәйкес бөтен заттарды көтеріп, теңіз түбінің 18 метр жолағын тазарту;

• төрткілдешті көрсету арқылы теңіз деңгейін күнделікті бақылау.

2023 жылы Ақтау портының акваториясын тереңдету жұмыстарын қоса алғанда, тәуекелді төмендету жөніндегі іс-шаралар жалғастырылды. 2024 жылы порт акваториясын тереңдетуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарлануда, ал жобаны іске асыру мерзімі – шамамен 2025 жылдың соңына дейін. Бұл жоба жер қазу көлемін, жұмыстарды орындау технологиясын, құрылыстың сметалық құнын, экологиялық шығарындыларды бағалауды және экологиялық зиянды өтеуді қамтиды.