Теміржол көлігі көліктің әлемдегі ең экологиялық таза түрі болып табылады. Соған қарамастан «ҚТЖ» ҰК» АҚ өзінің өндірістік қызметін қоршаған ортаға, экологияға және болашақ ұрпақтың өмір сапасына залалсыз жүзеге асырудың маңызды екендігін сезінеді.
Компанияның қоршаған ортаға теріс ықпал етуді барынша азайтуы табиғи ресурстарды ұтымды тұтыну, шығарындыларды бірізді азайту, қалдықтардың көлемін төмендету және оны қайталап қолдану, сондай-ақ энергияны сақтау технологиялары есебінен қол жеткізіледі.