Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Әзірбайжан Республикасының Елшісі Құрық портында болды




13-10-2026

2026 жылғы 13 қазанда Құрық портына Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлимирзамин Әскеров бастаған делегация келді.
Делегацияны «Құрық порты» ЖШС Бас директорының міндетін атқарушы Тұрлан Медина қарсы алды.

Сапар барысында меймандар порт қызметімен, оның логистикалық мүмкіндіктерімен және көліктік маршруттарымен  танысты. Халықаралық көлік дәліздерін дамыту перспективаларына және көлік пен логистика саласындағы қазақстандық-әзірбайжандық  ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі