Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері еске салынды




29-09-2026

«Қауіпсіз өткел» республикалық профилактикалық акциясы және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде ҚТЖ локомотив пайдалану деполары күзетілетін және күзетілмейтін темір жол өткелдерінде профилактикалық жұмыс жүргізді.

Теміржолшылар жүргізушілермен және жаяу жүргіншілермен әңгімелесіп, темір жолдарды кесіп өту кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелерін еске салып, ақпараттық жадынамалар мен буклеттер таратты.

Балаларға ерекше назар аударылды. Алдын алу шаралары 11 балалар сауықтыру лагерінде өтті. Балаларға теміржол нысандары маңында жүріс-тұрыс ережелері туралы айтылып, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

Теміржол өткелдеріндегі оқиғалардың алдын алу жұмыстары жалғасуда. Іс-шаралар үнемі бақылауда. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі