Жетісу облысында Жайпақ станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
07-11-2026
Жетісу облысында 1999 жылы салынған Жайпақ станциясының теміржол вокзалын жаңғырту аяқталды. Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан еліміздің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізілді.
Қайта құруға дейін вокзал ғимаратының ауданы 96,6 м2 болды. Жаңғыртудан кейін аудан 105,75 м2 дейін ұлғайды. Жаңғырту барысында вокзалдың ішкі үй-жайлары, оның ішінде қабырғалар мен төбелер жаңартылып, кәріз, инженерлік сумен және электрмен жабдықтау желілері ауыстырылды. Іргелес аумақ абаттандырылды: бордюрлер орнатылып, негіз дайындалды және төсеніш тастары төселді.
Жайпақ станциясының вокзалы 3 типке жатады. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 6 адамды құрайды. Станция арқылы Ақтоғай мен Достық арасындағы байланысты қамтамасыз ететін екі пойыз өтеді.
Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Көлік министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және облыс әкімдігі қолдауымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өз қаражаты есебінен іске асырылды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі