Желтоқсан айынан бастап «Нұрлы жол – Қызылорда» пойызы Stadler вагондарымен қатынайды

Жаңалықтар

Желтоқсан айынан бастап «Нұрлы жол – Қызылорда» пойызы Stadler вагондарымен қатынайды
 




26-11-2026

Ұлттық тасымалдаушы 2026 жылдың 13 желтоқсаннан бастап №66/65 «Нұрлы жол – Қызылорда» пойызының құрамын отандық өндірістен шыққан Stadler вагондарымен жаңартады. Пойыз аталған бағытта күнара қатынайды.

Пойыз құрамында жалпы саны 416 жолаушыға арналған 9 вагон болады. Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында вагондар климат-бақылау жүйесімен, жеке жарықтандыру шамдарымен, 220 В электр розеткаларымен, бейнебақылау жүйесімен, қол жүгі мен багажды орналастыруға арналған орындармен және буфет аймағымен жабдықталған.

Билеттерді bilet.railways.kz сайты мен теміржол кассаларынан сатып алуға болады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі