Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
30-09-2026
Жамбыл облысында 1989 жылы салынған Шу станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан еліміздің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізілді.
Қайта құру барысында ауданы 8 141,03 шаршы метрді құрайтын бес қабатты вокзал ғимараты жаңарды. Қасбет, шатыр, ішкі үй-жайлар, инженерлік жүйелер, перрон және вокзал аумағы өзгерді. Қасбеті травертинмен, жертөлесі - қазақстандық мәрмәр плиткамен қапталған. Қазақстандық өндірістің энергия үнемдейтін екі қабатты терезелері бар «жылы» тірек-ригель жүйесінің терезелері мен алюминий витраждары орнатылды. Ішінде заманауи жанбайтын материалдар, дыбыс өткізбейтін төбелер және тозуға төзімді еден жабындары қолданылды. Вокзал 1-класқа жатады. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 1591 адамды құрайды. Станция арқылы Шуды Бурабай курортымен, Алматы, Астана, Семей, Маңғыстау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Тараз, Орал, Атырау, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Петропавл мен Сарыағаш қалаларымен, сондай-ақ Ресеймен, Қырғызстанмен және Өзбекстанмен байланыстыратын 48 жолаушылар пойызы өтеді.
Жоба «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі, Көлік министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен іске асырылды. Қайта құру жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға, теміржол қызметкерлерінің жағдайын жақсартуға және вокзал инфрақұрылымын жаңартуға мүмкіндік берді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі