Жамбыл облысы Жаңатас станциясындағы жағдай туралы
06-03-2026
2026 жылғы 5 наурызда Жамбыл облысының Жаңатас станциясында «Жаңатас Су-Жылу» КМК кірме жолына «мазут» жүгі бар 5 вагонды беру бойынша маневрлік жұмыс жүргізу кезінде Жамбыл локомотив депосының маневрлік локомотив машинисі «КАП Логистик» ЖШС жеке кірме жолы локомотивін іліп кетуге жол берген, құрбан болғандар жоқ.
Оқиғаның себептері зерттелуде.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жолға шықты.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі