Жамбыл бөлімшесі аралықтарында тартқыш электрмен жабдықтаудың жаңа объектілері пайдалануға берілді
28-07-2026
Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің Құрағатты – Аспара және Татты – Құрағатты аралықтарында автотрансформаторлық пункттер пайдалануға берілді. Пунктер күрделі рельефі бар учаскелерде орнатылған және байланыс желісіндегі қажетті кернеуді ұстап тұруға, электр энергиясының жоғалуын азайтуға және пойыздардың қарқынды қозғалысы кезінде де теміржол инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі