Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Үздік вагон депосы




11-09-2026

Маңғыстау вагон пайдалану депосы 2025 жылғы өндірістік қызмет қорытындысы бойынша «ҮЗДІК ВАГОН ДЕПОСЫ» деп танылды. Ұжымға ауыспалы салалық ту табысталды. 

Депо Батыс өңірінің негізгі бағыттарында вагондарға техникалық қызмет көрсетеді және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 

Ұжымда 357 вагон тексеруші-жөндеуші және жылжымалы құрамды жөндеу бойынша 21 слесарь бар. Депо құрылымына 9 техникалық қызмет көрсету пункті және ағымдағы ағытпалы жөндеудің 4 пункті кіреді. Олар Маңғыстау өңірінің негізгі станцияларында орналасқан.

Депо сондай-ақ үш мемлекетаралық түйісу пунктінде: Болашақ – Түрікменстанмен шекарада, Қарақалпақстан – Өзбекстанмен шекарада және Құрық портпен – Әзірбайжан мен Грузиямен паром қатынасымен жұмысты қамтамасыз етеді. 

Қауіпсіздікке ерекше назар аударылады. 2025-2026 жылдары депода қозғалыс қауіпсіздігі мен өндірістік жарақаттануға жол берілмеді. Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуы да тіркелген жоқ.

 Ұжымның кәсіби жетістіктері республикалық деңгейде атап өтілді. Депо еңбек қауіпсіздігі саласындағы «Сенім» сертификатының иегері және III пен IV Республикалық кәсіби шеберлік семинар-тренингтерінің жүлдегері болып табылады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі