Қызылжар – Сексеуіл учаскесін жаңғырту: қарқыны кестеден озып тұр

Жаңалықтар

Қызылжар – Сексеуіл учаскесін жаңғырту: қарқыны кестеден озып тұр




11-03-2026

Қызылжар – Сексеуіл теміржол учаскесінде (жалпы ұзындығы 712 км) Мыңбала мен Қоскөл станциялары арасындағы 4 аралықта (157 км) кезекті микропроцессорлық автоблокировка жүйесін іске қосу сәтті аяқталды. Қазіргі уақытта жаңартылған учаскелердің жалпы ұзындығы 505 км-ге жетті.

2026 жылғы наурыз айының соңына дейін Қызылжар – Сексеуіл теміржол учаскесінде автоблокировка салу жобасы бойынша тағы 128 км жол цифрлық жүйемен жабдықталады.

Микропроцессорлық технологияларды енгізу – Компания инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасының басым бағыты. Цифрлық автоблок жүйелеріне көшу тасымалдау қауіпсіздігін бірнеше есе ұлғайтып ғана қоймай, сонымен қатар осы учаскедегі пойыздарды өткізу қабілеті мен қозғалыс қарқындылығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі