Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды




02-09-2026

«Қызылжар – Мойынты» теміржол желісінде басты жолдың түйісуі өтті. Бір жылдан аз уақыт ішінде құрылысшылар негізгі жолдың шамамен 320 шақырымын салды. Бұл Қазақстанның ірі инфрақұрылымдық жобаларының бірі. Құрылыс жұмыстары жоғары қарқынмен жүріп жатыр және кесте бойынша жалғасуда.

Құрылыс барысында мамандар күрделі технологиялық шешімдерді орындауда. Жол төсеу, оның ішінде көпір құрылыстарында айналма желілер салу арқылы жүргізілді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Қызылжар – Мойынты» жаңа теміржол желісін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салуда. Жобаның бас мердігері – «Integra Construction KZ»  ЖШС.

Желіні пайдалануға бергеннен кейін жүк және транзиттік тасымалдау мүмкіндіктері артады. Жаңа темір жолы өңірлердің көлік байланысын нығайтады және Қазақстан экономикасының одан әрі дамуына жағдай жасайды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі