Қызылорда облысында оқушыларға арналған шығармашылық сарайы салынуда

Жаңалықтар

Қызылорда облысында оқушыларға арналған шығармашылық сарайы салынуда




04-05-2026

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Wabtec корпорациясымен стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту аясында  ел аумағында әлеуметтік жобаларды іске асыру жұмысы басталды.

Өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі — өңірлерде білім беру инфрақұрылымын дамыту.

Мәселен, Қызылорда облысының Арал ауданында оқушыларға арналған шығармашылық сарайының құрылысы жүргізілуде. Нысан 100 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебін біріктіріп, балаларға қосымша білім беру үшін заманауи инфрақұрылым құруды қамтамасыз етеді. 

Ғимараттың жалпы ауданы 1 950 шаршы метрді құрайды. Жобаны табысты іске асыру үшін 120 астам маман тартылады. 

Құрылыс жұмыстарын орындау кезінде отандық құрылыс материалдары кеңінен қолданылады. Салынып болған соң әлеуметтік нысанда 100 жуық жұмыс орны ашылады. 

Wabtec-тің осындай жобаларды іске асыруға салған инвестициялары компанияның қатысу аймақтарында орнықты даму және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына бейілділігін растайды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі