ҚТЖ жылыту маусымын көмір тасымалының 5%-ке өсуімен аяқтады

Жаңалықтар

ҚТЖ жылыту маусымын көмір тасымалының 5%-ке өсуімен аяқтады




04-05-2026

2025-2026 жылдардағы жылыту маусымы барысында көмір тасымалдау қорытындысы шығарылды. Теміржол желісінің тұрақты жұмысы арқасында жеткізілімдер толық көлемде қамтамасыз етілді. 

Күзгі-қысқы кезеңнен өту қорытындысы және келесі маусымға дайындық ҚТЖ, әкімдіктер мен көмір өндіруші кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі алаңында көмір тасымалдауды үйлестіру жөніндегі республикалық штабтың отырысында қаралды.

Жылыту маусымында Қазақстан аумағы бойынша 76,1 млн тоннадан астам көмір тасымалданды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5%-ке жоғары. 

Оның ішінде жылу электр орталықтары үшін 69,8 млн тонна, ал коммуналдық-тұрмыстық секторға 6,3 млн тонна жеткізілді. 

Үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін тасымалдау процесіне «Қазтеміртранс» АҚ-ның (ҚТЖ еншілес компаниясы) шамамен 29 мың жартылай вагоны тартылды. 

Қазіргі уақытта ҚТЖ инфрақұрылымды келесі күзгі-қысқы кезеңге дайындауға кірісті. 

Тасымалдау процесінің сенімділігін арттыру бойынша көмірді жаппай тиейтін және түсіретін негізгі учаскелерде жөндеу жұмыстары мен іс-шаралар жүргізілуде.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі